Аудан басшысы Құлаайғыр а/о су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында жұмыс сапарымен келді.

Аудан басшысы Құлаайғыр а/о су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында жұмыс сапарымен келді.
Топар бөгетін күрделі жөндеу жобасы жүзеге асырылуда, 2020 жылы бөгеттің топырақ үйіндісі қалпына келтірілді, бетон суағар және түптік суағызғыш орнатылды, дымқыл еңіс нығайтылды. Топар өзенінің арнасын санациялау бойынша жұмыстар аяқталды, атап айтқанда жалпы ұзындығы 2640 м өзен жағалауы тазартылды, кеңейтілді және нығайтылды, қазылған топырақтың орташа тереңдігі – 1,5 м.
Бір-екі күн бұрын Ялта және Жаманжол ауылдары жағынан, далалық жерлерден Топар бөгетіне еріген қар суының келуі байқалды. Еріген су бас суағар мен түптік суағызғыш арқылы өтеді. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторы және "Қарағанды су қоймалары" КМК қызметкерлерінің тәулік бойына кезекшілігі ұйымдастырылды. Келіп жатқан судың көлемі құрылымның өткізу қабілетіне сәйкес келеді. Бүгінгі таңда елді мекенді су басу және өзеннің төгілу қаупі жоқ.