Аудан әкімі аппараттық кеңес өткізді

Аудан әкімі аппараттық кеңес өткізді
Бірінші сұрақ - ірі қара малды тұқымдық түрлендіру туралы. Аналық мал басының тұқымдық сапасын жақсарту неғұрлым өнімді төл алу арқылы ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға бағытталған. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды мемлекет субсидиялайды. Әріптестерімізге генетикалық әлеуеті жоғары жануарларды өсіруге қатысатын фермерлерге төленетін төлемдерді мұқият қадағалауды тапсырдым.
Бүгінгі таңда өзекті болып отырған екінші мәселе – ауданда мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ) және қарапайым серіктестіктерді (ҚС) құру. Ауыл әкімдеріне халыққа оның құрылу механизмін белсенді түрде түсіндіруді тапсырдым. Келесі жылы ПИК жойылып, көп қабатты тұрғын үйлерді жылуға қосу, қасбеттерін жөндеу, шатырларды, кіреберістер мен жертөлелерді қалпына келтірумен МИБ мен ҚС айналысатын болады.
Сондай-ақ, ағымдағы жедел мәселелер қаралды.