
Балалар-бұл біздің үмітіміздің көрінісі. Біздің ортақ міндетіміз-өскелең ұрпақ даму үшін, білім алу үшін, спортпен шұғылдану үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың бақытты балалық шағы үшін бар күш-жігерімізді салу.
Біздің ауданда 0-ден 18 жасқа дейінгі 13 мың 171 бала тұрады. Жас ұрпақпен көптеген тамаша педагогтар, тәрбиешілер, жаттықтырушылар жұмыс жасайды, ата-аналармен бірге олар балаларға өз әлеуетін, талантын ашуға, өз күшті жақтарын табуға, жүзеге асыруға және үлкен жеңістерге жетуге көмектеседі. Абай ауданының балалары аудандық облыстық және республикалық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Оқуда да біздің оқушылар өте белсенді және үлкен биіктерге жетуде. Пандемия жағдайына қарамастан, тек осы оқу жылы ішінде аудан мектептерінің оқушылары 11 олимпиада мен білім беру турнирлерінде жүлделі орындарға ие болды.
Құрметті ата-аналар!Сіздерге және балаларыңызға зор денсаулық, жақсылық, амандық және бақыт тілейміз.