
2021 жылдың 18 наурыз күні Абай қаласында терроризмге қарсы оқу - жаттығулар өтеді.
Оқу жаттығулардың мақсаты адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп төнген жағдайда өзара іс - қимыл жасау дағдыларын пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз: қалада көлік құралдарының қозғалысын шектеу арқылы көшелерді ішінара жабу болуы мүмкін.
Қала тұрғындарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде сабырлық сақтауды сұраймыз.