Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне қарасты Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс істейді. Бұл консультативтік-кеңесші орган, оның негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР-ның басқа да нормативтік құқықтық актілеріне негізделген.
Ведомствоаралық жұмыс тобының басты міндеттері барлық салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылауды қамтамасыз ету, азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын оңайлату. Бұл мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор өкілдерінің, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың, қоғам қайраткерлері мен халықтың күш-жігерін біріктіру арқылы жүзеге асырылады.
Ведомствоаралық жұмыс тобы азаматтық қоғамның барлық институттарымен кең ынтымақтастық үшін ашық. Ашықтық-бұл консультативтік-кеңесші орган өз жұмысында ұстанатын ашықтық пен заңдылықпен қатар негізгі қағидаттардың бірі. Проблемалық мәселелер анықталған жағдайда жұмыс тобы жою бойынша тиісті ұсынымдар, кемшіліктерді болдырмау жөнінде ұсыныстар енгізеді, мемлекеттік органдар басшыларының, жауапты лауазымды адамдарының есептерін тыңдайды.
Мысалы, 2021 жылдың өткен кезеңінде жұмыс тобының 4 отырысы өткізілді, олардың барысында 12 мәселе, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырысы бойынша жүргізілген 2020 жылға арналған қоғамдық мониторинг нәтижелері, мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету себептерін талдау қорытындылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша "Transparency International" зерттеу нәтижелері, Қарағанды облысының ЖАО 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау нәтижелері туралы мәселелер қаралды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген қалалардың/аудандардың ЖАО ішкі бақылау бойынша, Қарағанды облысының ЖАО ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша, Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын сақтау туралы, "Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ
және "Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшыларының есебі тыңдалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалы Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметі туралы, Қарағанды облысы бойынша пандемия жағдайында департамент өткізген мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын профилактикалық бақылау қорытындылары, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу бойынша Қарағанды облысының ветеринария басқармасына бағынысты ұйымдарда жағдай жасау туралы мәселелер қарастырылды.
Отырыс нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануды арттыру бойынша 41 ұсыным әзірленді және толық орындалды.
Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелерімен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсететін нысандарда қоғамдық бақылау жүргізіледі, оның мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтарды анықтау болып табылады.
Жұмыс тобының құрамы:
Ахметов Берік Мұхамеджанұлы - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары;
Байбосынов Серікжан Берікбайұлы- ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры;
Байжанов Рустам Орынбасарұлы- Қарағанды облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы;
Гарань Ирина Викторовна - "Әлеуметтік қызметтер орталығы" мүгедектер қоғамының төрағасы;
Кәкімов Бағдат Базарбайұлы- Қарағанды облысы бойынша полиция департаменті ӘПБ бастығы;
Тлеубай Қоқырұлы Құсайынов - " Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры;
Мақатов Ержан Жаныбекұлы - "Первый Карагандинский" телеарнасының бас директоры;
Менсиитов Эрик Қарашұлы – «Біргеміз-Қарағанды» қоғамдық қорының төрағасы;
Санаубаев Серік Мәлібекұлы - "Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы" ҚБ атқарушы директоры;
Шағатаев Тимур Серікбайұлы - "AMANAT" партиясының Қарағанды облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы;
Штергер Жанна Филипповна - Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.
Біз жұмыс тобының мүшелері ретінде мемлекеттік қызмет саласындағы бұзушылықтар бойынша әрдайым көмектесуге дайынбыз.
Өз кезегінде, жұмыс тобының қызметіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысты сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда өтініш берушілер Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39 (2 қабат), мекен-жайы бойынша орналасқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган ретінде жүгіне алады. Сенім телефоны 8 /7212/ 50-40-66.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанындағы Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Құсайынов Тілеубай Қоқырұлының мақаласы.