Конституция қабылданған сәттен бастап елдің мемлекеттік және әлеуметтік құрылымының берік негізін қалады. Оның нормаларының мызғымастығы экономикалық және саяси жүйенің тұрақтылығының негізіне айналды. Бұл ретте оның қоғам сұраныстарына бағдарланған мемлекеттің болашақ дамуы үшін жүйелі әлеуеті бар.
Негізгі Заңда бекітілген және Қазақстанды құқықтық және демократиялық мемлекет деп жариялауға мүмкіндік беретін базалық азаматтық құқықтардың бірі азаматтардың сайлау және сайлану құқығы болып табылады.
Халық билігінің үстемдігі қағидаты оның жалғыз көзі ретінде еркін сайлау, Республикалық референдум және басқару өкілеттіктерін мемлекеттік органдарға беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, азаматтарға мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қатысудың айтарлықтай заңды түрде бекітілген мүмкіндіктері ұсынылған.
Конституциялық нормаларға сүйене отырып, елдің қазіргі заманғы сайлау жүйесі де құрылды. Жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығының, дауыс беру құпиясының қағидаттары белсенді сайлау құқығы саласында жұмыс істейтін Конституциялық дәреже принциптері болып табылады.
Қазақстанда конституциялық тұрғыдан танылған саяси және идеологиялық әр-алуандылық қоғамдық бірлестіктер мен партиялар арқылы мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтардың мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғам институттары мен биліктің өкілді органдарының тікелей қатысуы барлық деңгейлерде сайлау органдарының жүйесін қалыптастырудың негізінде жатыр. Республика сайлау саласының өкілдері Президент пен Парламент депутаттарын сайлаудан бастап аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін өңірлік сайлауға дейін сайлау науқанын өткізуді қамтамасыз етеді.
Тәуелсіздік жылдарында сайлау туралы заңнаманы дамыту және сайлау рәсімдерін жетілдіру үшін көп нәрсе жасалды, оларды қатаң сақтау сайлаудың саяси функциясын толық іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, соңғылардың әлеуметтік тиімділігі, ең алдымен, азаматтардың өздері мен қоғамның, мемлекет пен оның лауазымды тұлғаларының, ұйымдастырушылар мен сайлау процесінің басқа қатысушыларының кәсіби қасиеттерді жеткізуші ретіндегі құқықтық мәдениетіне байланысты.
Сайлау процесіне саналы түрде қатысудың басты шарты азаматтардың мемлекеттік биліктің сайланбалы өкілді және атқарушы органдарын және жергілікті өзін – өзі басқару органдарын құруға қатысуға оң уәждемесін үздіксіз қолдау, олардың өздерінің саяси құқығы-таңдау құқығына саналы және жауапты көзқарасын тарату болып табылады.
Осылайша, азаматтарға электоралдық-құқықтық білім беруді жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық институттардың рөлі артады, бұл өз кезегінде сайлау процесін кәсібилендіруді қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты Ортсайлауком мен оның аумақтық бөлімшелері қызметінің басым бағыттарының бірі сайлаушылардың электоралдық-құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ сайлауды ұйымдастырушылар мен басқа да қатысушыларды үздіксіз электоралдық ағарту жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Сайлау саласын кәсібилендіруді қамтамасыз ету мақсатында сайлау комиссияларының кейбір лауазымдарын тұрақты кәсіби негізде енгізу, сайлау комиссиялары мүшелерінің санын учаскедегі сайлаушылар санына қарай саралау арқылы комиссиялардың кадрлық құрамын нығайтуға бағытталған шаралар қабылданды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі науқан кезеңінде ЕҚЫҰ Миссиясының 2019 жылғы 24 мамырдағы аралық есебінде сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін даярлаудың Жалпыұлттық бағдарламасы ретінде баға алған сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту (кәсіби негізде оқу-әдістемелік және ғылыми база әзірлеу, жаттықтырушылар корпусының әлеуетін пайдалана отырып каскадты оқыту, қашықтықтан оқыту және тестілеу, оқытудың қазіргі заманғы инфокоммуникациялық және интерактивті әдістерін енгізу) жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылды.
Бұл науқанның тәжірибесі көрсеткендей, іс-әрекеттері сайлаушының азаматтық – құқықтық жағдайына тікелей әсер ететін сайлау процесінің басқа қатысушылары – кандидаттар, олардың сенім білдірушілері, байқаушылар, кандидаттар штабының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары-сайлау құқығының нормаларын және нақты әдіснамалық және консультативтік көмекті қажет етеді.
Орталық сайлау комиссиясы өзінің күш-жігерін сайлауды ұйымдастырушылардың қазіргі құрамын кәсіби даярлауға шоғырландыра отырып, соңғы 3 жылда жастардың құқықтық санасы мен электораттық белсенділігін дамытуды ынталандыратын жобаларды іске асыруға ерекше көңіл бөледі.