Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы Абай ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ( жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша қайталған конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

2021 жылы 15 ақпанда Қарағанды облысы, Абай қаласы, Жеңіс даңғылы 3, мекенжайы бойынша орналасқан, Абай ауданы әкімшілік ғимараты  залында сағат 10-00-да, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау Қарағанды облысы, Абай қаласы, Абай көшесі, 26 құрылым, (1-ші этаж, 10 кабинет) мекенжайы бойынша орналасқан «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не  2021 жылдың 25 қантардан 2021 жылдың 12 ақпаннан сағат 17:00-ға дейін  жүзеге асырылатын болады. Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы 3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:

 

 


жер учас.
№

 

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы)

 

Алаңы,
(га)

 

Жалдау мерзімі, жыл

 

Орналасқан орны

 

Сумен қамтамасыз етілуі

 

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

1

2

3

4

5

6

7

1

Талшынды, егістік 59,6421 га, басқа алқаптар -3,5876 га. Бонитет балы – 31

63,2297

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Самарка ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

2

Талшынды, егістік -14,0 га, суармалы егістік-19,1 га, бақша – 3,6 га, басқа алқаптар – 3,2646 га. Бонитет балы-21

39,9646

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Мичурин ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

3

Талшынды, егістік-119,0 га, шабындық - 22,0 га, ТЖ жайылымы-15,0 га, табиғи жайылым-0,6338 га, басқа алқаптар-9,3168 га. Бонитет балы-25

165,9506

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Самарка ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

4

Талшынды, егістік-59,0 га, шабындық - 23,0 га, жайылым ТЖ - 7,0 га, табиғи жайылым-1,4056 га, басқа алқаптар-0,8443 га. Бонитет балы-25

91,2499

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Самарка ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы

5

Талшынды, егістік-113,0 га, ТЖ жайылымы-166,0 га, табиғи жайылым-1,3100 га, басқа алқаптар-8,9683 га. Бонитет балы-22

289,2783

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Самарка ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы

6

Талшынды, табиғи жайылымдар.-623,3022 га, басқа алқаптар -3,2656 га. Бонитет балы -6

626,5678

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құлаайғыр ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

7

Талшынды, егістік-24,1415 га, табиғи жайылымдар.-0,5031 га, басқа алқаптар -0,3327 га. Бонитет балы -26

24,9773

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

8

Талшынды, суармалы егістік -18,1 га, басқа алқаптар -0,78 га. Бонитет балы -26

18,8800

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

9

Талшынды, табиғи жайылымдар-93,8285 га. Бонитет балы -21

93,8285

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

10

Талшынды, түбегейлі жақсартылған жайылымдар-146,0 га, табиғи жайылымдар-6,8 га, басқа алқаптар-2,2679 га. Бонитет балы-17

154,1197

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

11

Талшынды, табиғи жайылымдар - 67,9910 га, басқа алқаптар -1,3197 га. Бонитет балы -18

68,2667

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

12

Талшынды, түбегейлі жақсартылған жайылымдар.-21,7585 га, басқа алқаптар -0,1607 га. Бонитет балы -18

21,9192

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

13

Талшынды, егістік-30,3 га, басқа алқаптар -1,2616 га. Бонитет балы -26

31,5616

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік  шаруашылығы

14

Талшынды, табиғи жайылымдар-35,0293 га, басқа алқаптар -0,0654 га. Бонитет балы-8

35,0947

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

15

Талшынды, түбегейлі жақсартылған жайылымдар-42,0 га, басқа алқаптар-0,092 га. Бонитет балы-26

42,0920

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

16

Талшынды, егістік-27,5494 га, басқа алқаптар-0,075 га. Бонитет балы-24

27,6244

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Өсімдік шаруашылығы

17

Талшынды, түбегейлі жақсартылған жайылымдар -27,9 га, табиғи жайылымдар -86,6386 га, басқа алқаптар -1,039 га. Бонитет балы -14

115,5776

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құлаайғыр ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

18

Талшынды, түбегейлі жақсартылған жайылымдар -21,0541 га, басқа алқаптар -0,0954 га. Бонитет балы -18

21,1495

10

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ильичевск ауылдық округі

Қамтамасыз етілмеген

Мал шаруашылығы

 

 

Конкурсты ұсыныста: 

  • бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  • шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфра құрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығында(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген,ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. 

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық  ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Қосымша ақпаратты Қарағанды облысы, Абай қаласы, Абай к., 26 құрылыс мекенжайы бойынша «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде білуге болады.Телефондар: 872131 48317, 41958 (факс), электрондық мекенжайы: abayarh@mail.ru.

Дата публикации
26 декабря 2020
Дата обновления
26 декабря 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Абай ауданының әкімдігі
Абай ауданының әкімдігі
Абай Диалог

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы