2020 жылғы 1 желтоқсанда Абай аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы өкілінен құжаттар келіп түсті, өкілі (28.11.2020 ж. № 712 сенімхат) - Абдыхалыков Елеубек Тезекбаевич:
- Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының Абай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме.
- Партиялық тізім: Excel электрондық форматында (ҚР ОСК 21.10.2020 ж. № 29/336 бекіткен нысанға сәйкес).
- Саяси партияны уәкілетті органда тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (осы құжатты ұсыну ҚР ОСК 21.10.2020 ж. № 29/336 қаулысымен бекітілген партиялық тізім нысанындағы ескертпеде көзделген).
- Азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері, өмірбаяндық деректер (ҚР ОСК 21.10.2020 ж. № 29/336 бекіткен нысандарға сәйкес).
- Кандидаттардың жеке куәліктерінің көшірмелері.
- Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған партиялық билеттердің көшірмелері немесе саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.