2020 жылғы 24 қарашада Абай аудандық сайлау комиссиясына "Ауыл "халықтық демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалынан құжаттар келіп түсті, өкілі (24.11.2020 ж. № 59 сенімхат) - Галунов Валерий Парфенович:
- Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының Абай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме.
- Партиялық тізім: Excel электрондық форматында (ҚР ОСК 21.10.2020 ж. № 29/336 бекіткен нысанға сәйкес).
- Саяси партияны уәкілетті органда тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (осы құжатты ұсыну ҚР ОСК 21.10.2020 ж. № 29/336 қаулысымен бекітілген партиялық тізім нысанындағы ескертпеде көзделген).
- Азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері, өмірбаяндық деректер (ҚР ОСК 21.10.2020 ж. № 29/336 бекіткен нысандарға сәйкес).
- Кандидаттардың жеке куәліктерінің көшірмелері.
- Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған партиялық билеттердің көшірмелері немесе саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.