2026 жылғы 23 қыркүйекте Абай ауданында өскелең ұрпақтың бойында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне арналған кездесулер өтті.
Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің жобасы аясында, Қарағанды облысының дін істері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Кездесулерге теолог, «SAPSAN» стратегиялық орталығының директоры Жандаулет Отарбайұлы Сүлейманов спикер ретінде қатысты. Күн барысында ол Қарабас кенті мен Абай қаласындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларымен, сондай-ақ «Абай ауданының спорт клубы» КМК педагогтерімен, спортшылары және жаттықтырушылар құрамымен кездесті.
Оқушылармен өткен кездесулерде жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуындағы дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтардың маңызына баса назар аударылды. Отбасын және үлкенді құрметтеу, мәдени және рухани дәстүрлерді сақтау, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, өмірлік ұстанымдарды саналы түрде қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Спорт саласының өкілдерімен өткен кездесуде жастар тәрбиесі, тәлімгерліктің маңызы және ересектердің жеке өнегесінің рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар тәртіп, жауапкершілік, өзара құрмет пен үнемі дамуға ұмтылу секілді қасиеттердің маңыздылығына назар аударылды.
Спикер дәстүрлі құндылықтардың жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда және рухани сабақтастықты сақтауда маңызды орын алатынын атап өтті.
Осындай кездесулер жастармен ашық пікір алмасуға мүмкіндік беріп, адамгершілік бағдарлар, ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраға құрмет туралы түсінікті әрі мазмұнды әңгіме өрбітуге жол ашады.