Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақталуына бақылау күшейтіледі

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік аппараттың алдында бекітілген міндеттерінен бөлек, жұмыскер ретінде заңнамамен көзделген құқықтары да бар екені мәлім (өз міндеттерін жұмыс уақытында атқару, демалыс алу, үстеме жұмысты бекітілген тәртіпте іске асыру және т.б.).

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және оның аумақтық бөлімшелерімен мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс жасауына мониторинг жүргізіледі. Себебі, мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тарту олардың құқықтарын бұзылуына алып келуі мүмкін.

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменті осыған дейін кіруді басқару және басқару жүйесі (КББЖ) арқылы артық жұмыс жасауына мониторинг жүргізіп, осындай фактілер орын алғанда ақпаратты Еңбек инспекциясына жолдайтын болған.

Енді, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган аталған бағытта мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізу, жоспардан тыс тексеріс тағайындау және бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік істі қарау функциясымен күшейтілді.

  Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді.

         Аталған Қағидаларға сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен мемлекеттік органдарға бару арқылы 2023 жылға арналған мониторинг жоспары бекітілді.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында болу фактілері уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларымен актіленетін болады. Қажет болған жағдайда мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу үшін әдеп жөніндегі уәкілдер мен қоғам өкілдері тартылуы мүмкін.

Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін мемлекеттік органдардың басшыларын (жұмыс берушіні) әкімшілік жауапкершілікке тарту заңнамамен айқындалған (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабы).

Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асырғаны үшін жұмыс берушілерге қатысты әкімішілік істерді қарау құзыретіне иеленді (мемлекеттік қызметшімен қарым-қатынастағы жұмыс беруші жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде). 

Аталған бағыттағы өзгерістер туралы мемлекеттік органдардың жауапты қызметшілері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олар аталған талаптарды сақтау қажет екені туралы ескертілді.

         Жалпы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс көлемінің үлкен болуына байланысты және тағы басқа да жағдайларда артық жұмыс жасау заңнамамен реттелген.  Бірақ, ол бекітілген тәртіпте ресімделуі тиіс.

Сондай-ақ, үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, жалпы ұзақтығы жұмыс уақытын жиынтық есепке алуды белгілеу кезінде төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс (Еңбек кодексінің 78-бабы).

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №120 бұйрығымен Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидалары бекітілді.

Аталған Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметшілермен қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс жасаудың тәртібі реттелген.

Осыған орай, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру барысында жоғарыда аталған талаптарды ескеріп, оларды сақтау маңызды. Себебі, мемлекеттік қызметшілердің өз құқықтарын сақтамау, кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға өз кері әсерін тигізуі ықтимал.

Өз кезегінде, аталған бағытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бақылау күшейтілетін болады.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының басшысы

Б. Макеев

Дата публикации
17 июля 2023
Дата обновления
17 июля 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Абай ауданының әкімдігі
Абай ауданының әкімдігі
Абай Диалог

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы