Аудан әкімдігінде Үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылған жобалардың қорытындылары қаралып, олардың тиімділігіне талдау жасалды. Әлеуметтік жобалардың сапалы іске асырылуына, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге және үкіметтік емес ұйымдардың есептілігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік жобалар бойынша конкурстық рәсімдердің өту барысын талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер мен мүдделі ұйымдарға тиісті ұсынымдар берілді. Әлеуметтік жобалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуді тиісті деңгейде бақылау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.
Кеңестің жұмысы азаматтық сектормен сындарлы диалогты нығайтуға және ауданның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешудегі бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.