"Абай ауданының құрылыс бөлімі" ММ бойынша 2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп

       «Абай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша үлестік тұрғын үй құрылысы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету шеңберінде заңды тұлғаға 1 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін хабарлайды.

      «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

      «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы жөніндегі үзіндіні беру» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600014311), мемлекеттік қызметі бойынша есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1300000088), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 31 тамызда № 14188 болып тіркелген үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларына (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600014188) сәйкес көрсетіледі.

     «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600014188), мемлекеттік қызметі аталған Қағидаларда белгіленген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

      «Абай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алуға қолжетімділікті қамтамасыз ететін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді.

Дата публикации
16 января 2026