Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Ұсынымдардағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

«Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын 

қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» 

2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысына 

өзгерістер енгізу туралы 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар бекітілсін»;

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар» осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қосымша....


Төраға Н. Әбдіров
Хатшы Ш.Өтемісов

 

 

 

 

 

Астана қаласы

2025 жылғы 24 желтоқсан

№ 37/49

Дата публикации
26 декабря 2025