«БІЗДІҢ КҮШ – БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМДЕ» ӘДЕБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
1.1. Әдеби-шығармашылық байқау жастар арасында келісім құндылықтарын ілгерілетуге, мәдени көптүрлілікті құрметтеуге, (бұдан әрі) Қазақстан халқының ұлттық бірлігін нығайтуға және жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы – «Жастар Альянсы» ҚБ, «Әлеуметтік тапсырыс аясында Абай ауданында этносаралық келісім мен ұлт бірлігін насихаттау бойынша “Келісім аумағы” жобасы» шеңберінде.
1.3. Байқауға қатысу ерікті және тегін болып табылады.
3.1. Олимпиадаға 14-тен 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.
Қатысушылар байқау жұмысына арналған келесі бағыттардың бірін таңдай алады:
4.1. Поэзия. 20 жолға дейінгі өлең.
4.2. Проза. 200 таңбаға дейінгі эссе (1,5–2 баспа парағы).
4.3. Публицистика. Қызықты тұлғамен сұхбат (сұрақ-жауап форматында), 3 баспа парағына дейін.
Қатысушылар төмендегі тақырыптардың бірін таңдай алады. Байқаудың мақсаттарына сәйкес келсе, авторлық басқа тақырып та қабылданады.
5.1. «Бірліктің күші» – бейбітшілік, келісім, құрмет және жасампаз қарым-қатынас туралы жеке ойлар.
5.2. «Менің отбасымның тарихы» – отбасындағы достық, түсіністік, құндылықтар, ұрпақтар сабақтастығы және ұлтаралық келісім туралы оқиғалар.
5.3. «Біздің заманның қаһармандары» – кейіпкердің өмір жолы, көзқарастары, құндылықтары, еңбектегі жетістіктері.
6.1. Жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінің бірінде қабылданады.
6.2. Мәтін авторлық, мазмұнды, сауатты, логикалық, көркем әрі әсерлі болуы тиіс.
6.3. Жұмыс бұрын жарияланбаған және басқа байқауларға қатыспаған болуы керек.
6.4. Формат: шрифт Times New Roman, 14 кегль, 1,5 интервал. Рәсімдеуге қойылатын талаптар міндетті түрде жасалу керек.
7.1. Байқау жұмыстары Word форматында 12 желтоқсанға дейін ooma.17@bk.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Жұмысқа қосымша 1-қосымшаға сәйкес тіркеу картасы қоса тапсырылады.
7.2. Жұмыстарды ұйымдастырушылар бекіткен қазылар алқасы бағалайды.
9.1. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
9.2. Қазылар алқасы шешімі бойынша арнайы сыйлықтар тағайындалуы мүмкін.
10.1. Ұйымдастырушылар авторлықты көрсете отырып, байқау жұмыстарын жариялау құқығын өздеріне қалдырады.
10.2. Байқауға қатысу – осы Ережедегі талаптармен келісуді білдіреді.
Қосымша 1
ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕУ КАРТАСЫ
|
Тегі, аты, әкесінің аты (толық) |
|
|
Туған күні (күні, айы, жылы) |
|
|
Тұрғылықты жері (елді мекен) |
|
|
Білім беру ұйымы/жұмыс орны |
|
|
Сыныбы/лауазымы |
|
|
Телефон |
|
|
Электронды пошта |
|
|
Байқау жұмыс түрі |
|
|
Байқау жұмысының тақырыбы |
|
|
Әлеуметтік желідегі парақша сілтемесі
|
|