"Еңбек адамы" үздік бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Еңбек адамы» үздік бейнеролик бейнесіне арналған байқау

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

 

1.1 Осы Жарғы «Еңбек адамы» үздік бейнесіне арналған бейнероликтер байқауын (бұдан әрі ) ұйымдастырудың мақсаттарын,  міндеттерін және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Байқау  жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбектің қадір-қасиетін арттыру және қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген адамдарға құрмет қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
1.3. Байқаудың ұйымдастырушысы – «Жастар Альянсы» ҚБ, «Іскер жастар» жобасы аясында, Абай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі»  ММ қолдауымен.
1.4. Байқауға қатысу ерікті және тегін болып табылады.

 

  1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары:

  • еңбек адамының оң бейнесін қалыптастыру;
  • жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру;
  • кәсіптік шеберлік пен еңбекқорлық құндылықтарын нығайту.

Міндеттері:

  • талантты жастарды анықтау және қолдау;
  • әртүрлі қызмет салаларындағы еңбектің маңызын көрсету;
  • өз мамандығында табысқа жеткен адамдардың жеке тарихтарын ашып көрсету.

 

  1. Байқауға қатысушылар

3.1. Байқау мектеп оқушылары, колледж студенттері және 14–35 жас аралығындағы жастар шақырылады.
    3.2.Қатысушылар жеке тәртіпте қатысады.
    3.3. Байқауда қатысушылардың өздері дайындаған түпнұсқа бейнероликтер ғана қабылданады.

  1. Бейнероликтерге қойылатын талаптар

                4.1. Тақырып: «Еңбек адамы» бейнесін ашу – кез келген жұмысшы мамандығының қаһарманы, шебері, маманы. Бейнеролик оның кәсіби дағдыларын, қоғамға қосқан үлесін, жеке қасиеттерін, ісіне деген көзқарасын және мамандықтың маңызын мазмұнды әрі әсерлі түрде көрсетуі тиіс.

4.2. Ұзақтығы: 1–3 минут.
4.3. Форматы: MP4, көлденең формат, сапасы Full HD (1080p) немесе одан жоғары.
4.4. Бейнеролик мазмұнды, этикалық және заң талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
4.5. Авторлық құқықты бұзатын материалдарды, сондай-ақ бейәдеп сөздерді, зорлық-зомбылық немесе кемсітушілік элементтерін қолдануға тыйым салынады.

  1. Байқауды өткізу тәртібі

5.1. Байқауға қатысу үшін өтінімді 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін ooma.17@bk.ru электрондық пошысына «Өтінім» деген белгі қойып жіберу қажет (1-қосымша бойынша).
5.2. Бейнероликтер 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін ooma.17@bk.ru поштасына «Еңбек адамы бейнесі» деген белгімен жіберіледі. Өтінімге қоса толтырылған анкета қоса жіберіледі.
5.3. Әр қатысушы бір ғана жұмысты ұсына алады.
5.4. Материалдар қабылдау аяқталғаннан кейін, қазылар алқасы 3 жұмыс күні ішінде бағалау жүргізеді.
5.5. Байқау қорытындылары ұйымдастырушының ресми парақшаларында жарияланады.

  1. Бағалау критерийлері
  • «Еңбек адамы» тақырыбын ашуы;
  • идеяның ерекшелігі және шығармашылық;
  • түсірілім және монтаж сапасы;
  • эмоционалдық әсер, баяндаудың тереңдігі;
  • ережелер талаптарына сәйкестігі.
  1. Қазылар алқасы

7.1. Қазылар алқасының құрамы ұйымдастырушылармен бекітіледі және мәдениет, медиа, білім беру саласының мамандарын, өндіріс орындары мен қоғамдық ұйым өкілдерін қамтуы мүмкін.
7.2. Қазылар алқасы жұмысты тәуелсіз әрі объективті түрде бағалайды.
7.3. Қазылар шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.

  1. Қорытынды шығару және марапаттау

8.1. Жеңімпаздар жинаған баллдар сомасы бойынша анықталады.
8.2. Байқау нәтижелері бойынша келесі номинациялар бекітіледі*:

  • «Үздік бейнеролик» (Гран-при);
  • «Еңбек адамының үздік бейнесі»;
  • «Ең ерекше идея»;
  • «Үздік монтаж».
    *Қазылар шешімімен номинациялар өзгертілуі мүмкін.
    3. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
  1. Қорытынды ережелер

9.1. Өтінім беру қатысушының осы Жарғы талаптарымен келісетінін білдіреді.
9.2. Ұйымдастырушы байқау материалдарын конкурсты жариялау және жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында қолдануға құқылы.
9.3. Барлық даулы мәселелер ұйымдастырушылармен шешіледі.

 

Қосымша 1

«Еңбек адамы бейнесі» бейнероликтер байқауына қатысуға ӨТІНІМ

1. Жалпы ақпарат

 

Қатысушының ТАӘ (толық):

 

Туған күні:

 

Білім беру мекемесі / ұйымы

 

Сыныбы / тобы:

 

Байланыс телефоны:

 

Электрондық пошта:

 

2. Бейнероликте көрсетілетін жұмысшы мамандығы/мамандықтары

 

3.Видеоматериалдарды пайдалануға рұқсат

Мен, ________________________, байқауда жариялау мақсатында бейнероликті пайдалануға келісім беремін.

Қолы: ________________ Күні: «___» _________     

                                                            2025 ж.

4. Жеке деректерді өңдеуге келісім

Мен өз жеке деректерімнің өңделуіне келісем

Қолы: ________________ Күні: «___» _________

                                                             2025 ж.

 

 

:


Дата публикации
26 ноября 2025