«Еңбек адамы»
жас жұмысшы мамандар байқуын өткізу туралы
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Осы ереже «Еңбек адамы» бейнесіне арналған үздік бейнеролик байқауының (бұдан әрі ) мақсаттарын, міндеттерін және оны ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1.2. Байқау жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбектің беделін арттыру және қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген адамдарға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
1.3. Байқаудың ұйымдастырушысы – «Жастар Альянсы» ҚБ, «Іскер жастар» жобасы аясында, Абай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен өткізіледі.
1.4. Байқауға қатысу ерікті және тегін.
3.1. Байқауға меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшы мамандықтары бойынша жас мамандары қатыса алады. Қатысушының тұрғылықты жері немесе жұмыс орны аудан аумағында болуы тиіс.
3.2. Қатысушылардың жасы — 18 бен 35 жас аралығы.
3.3. Әрбір қатысушы тек бір номинация бойынша қатыса алады.
Ұйымдастырушы келесі номинацияларды қарастыруы мүмкін:
Номинациялар тізімі кеңейтілуі немесе өзгертілуі мүмкін.
5.1. Өтінімдерді қабылдау
Өтінімдер ooma.17@bk.ru электронды поштасына
« Еңбек адамы ұсынысы» деген белгімен
2025 жылдың 26 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін қабылданады (Қосымша 1 бойынша).
5.2. Құжаттарды тапсыру
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар 2025 жылдың 8 желтоқсанына дейін жоғарыда көрсетілген ooma.17@bk.ru электронды поштаға жіберіледі.
Құжаттар топтамасы төмендегілерден тұрады:
Қазылар алқасы қатысушыларды төмендегі көрсеткіштер бойынша бағалайды:
7.1. Қазылар алқасы құрамы ұйымдастырушылар тарапынан қалыптастырылады және түрлі сала мамандарын, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерін қамтуы мүмкін.
7.2. Қазылар алқасы өтінімдерді тәуелсіз және объективті түрде бағалайды.
7.3. Қазылар шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
8.1. Байқау нәтижелері бойынша әр номинацияда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
8.2. Жеңімпаздарды анықтау екі кезеңнен тұрады:
8.3. Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
8.4. Ұйымдастырушының шешімімен Гран-при және арнайы марапаттар тағайындалуы мүмкін.
9.1. Өтінім жіберу – қатысушының осы ережедегі шарттармен келісетінін білдіреді.
9.2. Ұйымдастырушы байқау барысын жариялау және жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында қатысушылардың бейнематериалдарын пайдалану құқығына ие.
9.3. Барлық даулы мәселелер ұйымдастырушылар тарапынан шешіледі.
Қосымша 1
Жас жұмысшы мамандар арасындағы
«Еңбек адамы» байқауына
ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ
______________________________________________________________

_______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________