Пресс-релиз к проекту НПА

«CSM Karagandy» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен жер телімдеріне пайдалы қазбалар барлау мақсаттары үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы» аудан әкімдігінің қаулы жобасына жария ақпарат

 Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, қаулының жобасы (бұдан әрі –Жоба) әзірленді.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық кері салдарға әкеп соқпайды.

ҚР Жер кодексінің 71-1-бабына сәйкес жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы жер учаскелерінде пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, мұндай учаскелерде жеке немесе жария сервитут негізінде қажетті жұмыстарды жүргізе алады.

Дата публикации
11 сентября 2025