Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы
«Абай ауданы әкімінің аппараты» MM-нің хабарламасы
Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
E-R-3 санаты үшін:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы
5 сәуірде № 32237 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік Талаптарына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
E-R-3 (Блок A) |
263 131 |
302 255 |
«Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ (100100, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Жеңіс даңғылы, 3, анықтама телефоны: 8(72131)4-35-82, ұялы тел. 87003610025, электрондық пошта: akimat.abay2019@mail.ru (ең көп рұқсат етілген файл өлшемі 30Мбайт) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Бөлімде жоғары тұрған органдардың қаулыларын, шешімдері мен өкімдердің іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру. Мәдениет саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру және қатысу. Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы жұмыс жоспарларын әзірлеу. Бос уақыт саласын дамыту, халықтың әр түрлі топтарының мәдени-бос уақыт қызметінің әртүрлілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Ауданда тұратын халықтардың мәдениетін, халық шығармашылығын дамыту бойынша клуб мекемелерінің қызметін үйлестіру. Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына кадрлық есептер мен анықтамаларды дайындау және кадр жұмысын, оның ішінде "Е-қызмет"персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асыру. Бөлімнің нормативтік-құқықтық актілерінің сәйкестігін бақылауды қамтамасыз ету бойынша мәселелерге жетекшілік ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізу. (A БЛОГЫ)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: қызметтер (мәдени-тынығу жұмысы); педагогикалық ғылымдар (қазақ тілі мен әдебиеті); өнер және гуманитарлық ғылымдар (филология және/немесе тарих (гуманитарлық ғылымдар) және/немесе музыкатану ғылымы және/немесе өнертану); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (кітапхана ісі және/немесе мәдениеттану және/немесе әлеуметтік ғылымдар); осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Құжаттар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Қарауға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе
«Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы қабылдау мерзімінде жіберілген құжаттар қабылданады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну, немесе құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады,
сондай-ақ сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.