Сәрепті ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2025 жылғы 19 тамызда Абай аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Абай ауданының Сәрепті ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» шешім қабылданды.

Абай ауданының Сәрепті ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.С. Кенжебаев сөз сөйледі.

Ол 2025 жылдың 7 тамызы мен 19 тамызы аралығында әкімге 3 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиядан – 1, өзін – өзі ұсыну тәртібімен - 2. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 1-і ерлер, 2-і әйелдер.

Кандидаттардың орташа жасы – 36 жас. Ең жас үміткер 31 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 41 жас.

Мамандықтары бойынша: 2 – заңгерлер, 1 – қаржыгер.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 3 – мемлекеттік қызметшілер.

Қазіргі уақытта әкімге кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 24 тамызға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиясы мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.

 

 

АБАЙ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
19 августа 2025