Сайланған әкімдерді тіркеу туралы

Абай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-баптың 3-тармағына 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес 2025 жылғы 24 маусымдағы шешіммен 2025 жылғы 22 маусымда сайланған Абай ауданы Топар кенті, Қарағанды, Көксу және Самарка ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді:
Топар кенті - Сафаров Маргулан Мухитович, № 47 шешім.
Қарағанды ауылдық округі – Кирей Владислав Дмитриевич, № 48 шешім.
Көксу ауылдық округі – Маканов Асылхан Бакенович, № 49 шешім.
Самарка ауылдық округі – Тукенов Марат Нурболович, № 50 шешім.

Дата публикации
24 июня 2025