2025 жылдың 22 маусымда Абай ауданы Топар кенті, Қарағанды, Көксу және Самарка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қортындысы туралы
ХАБАРЛАМА
Абай аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 9166 азамат енгізілді, оның ішінде 5773 (62,98%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдікке кандидаттар саны - 12 адам, оның ішінде "AMANAT" партиясынан 4 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 8 кандидат.
Сайлауға кандидаттардың 17 сенімді тұлғасы және "AMANAT" партиясынан 9 байқаушысы қатысты. Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ. 4 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Топар кенті:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6379 азамат енгізілді, олардың 3764-і (59,01%) дауыс берді.
Мәлік Галя - 348
Мурсалов Бахтияр Кабдылманапович - 255
Сафаров Маргулан Мухитович - 3083
Барлығына қарсы - 37.
Топар кентінің әкімі болып Сафаров Маргулан Мухитович сайланды, 1982 жылы туған, Топар кентінің әкімі, Абай қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясының ұсынуымен.
Қарағанды ауылдық округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1035 азамат енгізілді, олардың 920-і (88,89%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байсадыков Серик Бакытович - 54
Баубекова Баян Талгатовна - 47
Кирей Владислав Дмитриевич - 777
Барлығына қарсы - 28.
Қарағанды ауылдық округінің әкімі болып Кирей Влдаислав Дмитриевич сайланды, 1995 жылы туған, Қарағанды ауылдық округінің әкімі, Жартас ауылы Қарағанды ауылдық округінің тұрғыны, «AMANAT» партиясының ұсынуымен.
Көксу ауылдық округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1165 азамат енгізілді, олардың 690-і (59,23%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аширова Улжан Серихановна - 40
Маканов Асылхан Бакенович - 575
Оразбаев Нурсултан Турсунович - 39
Барлығына қарсы - 29.
Көксу ауылдық округінің әкімі болып Маканов Асылхан Бакенович сайланды, 1978 жылы туған, Көксу ауылдық округінің әкімі, Көксу ауылы Көксу ауылдық округінің тұрғыны, «AMANAT» партиясының ұсынуымен.
Самарка ауылдық округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 587 азамат енгізілді, олардың 399-і (67,97%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Какенов Акылбек Сагандыкович - 22
Кожахметова Сауле Имантаевна - 26
Тукенов Марат Нурболович - 336
Барлығына қарсы - 6.
Самарка ауылдық округінің әкімі болып Тукенов Марат Нурболович сайланды, 1991 жылы туған, Самарка ауылдық округінің әкімі, Самарка ауылы Самарка ауылдық округінің тұрғыны, «AMANAT» партиясының ұсынуымен.
АБАЙ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ