Абай ауданының Топар кенті, Қарағанды, Көксу және Самарка ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 27 мамырда Абай аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Абай ауданының Топар кенті, Қарағанды, Көксу және Самарка ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» шешім қабылданды.
Абай ауданының Топар кентінің, Қарағанды, Көксу және Самарка ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.С. Кенжебаев сөз сөйледі.
Ол 2025 жылдың 15 мамыры мен 27 мамыры аралығында әкімге 12 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиядан – 4, өзін – өзі ұсыну тәртібімен - 8. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 8 - і ерлер, 4 - і әйелдер.
Кандидаттардың орташа жасы - 40 жас. Ең жас үміткер 30 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 51 жас.
Мамандықтары бойынша: 5 - заңгерлер, 2 - оқытушылар, 5 - басқалар.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 4 - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 7 - мемлекеттік қызметшілер, 1- басқалары.
Қазіргі уақытта әкімге кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиясы мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.
АБАЙ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ