Орташа жалақы 282693 тг.
Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес санат
E-3
Жалпы біліктілік талаптары
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
Жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Мамандық бойынша талап
Функционалдық бағыты
Функционалдық міндеттері
Бөлімнің жұмысын үйлестіреді және бақылайды. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң тапсырмаларының, облыс, аудан әкiмдiктерi қаулыларының орындалуын бақылау, облыс және аудан әкімдерінің әлеуметтік бағдарламаларды талдау және мониторингі саласындағы шешімдері, өкімдері мен тапсырмалары. Бөлімнің бір айға, тоқсанға, бір жылға жұмыс жоспарларын жасау, құзыретіне жататын мәселелер бойынша талдау, мониторинг жүргізу, аудандық бағдарламалардың орындалуына басшылық жасау; туберкулезбен күресу, ЖҚТБ-мен күресу. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық шараларды орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік орталықтың жұмысын үйлестіру. зейнетақы төлеу, мүгедектер мен қарттарды оңалту, аудандық пошта бөлімшесі, спорт бөлімі. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі мен оның орынбасарларының отырыстарына, әкімдік мәжілістеріне, семинарларына, мәжілістеріне материалдар, шешімдердің жобаларын дайындау. Әлеуметтік бағдарламаларды талдау және мониторингілеу саласында жергілікті атқарушы органдардың Іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау, мониторинг және болжау жүргізу. Денсаулық сақтау, білім және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, қорғаныс істері, халықты әлеуметтік қорғау органдарының, пошта байланысы бөлімдерінің жұмысын үйлестіру. Бөлім құзырындағы кеңестердің, комиссиялардың және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысының жоспарлануын және уақытылы орындалуын қадағалау. Барлық деңгейдегі сайлауды өткізуді қамтамасыз етуге қатысу. Жетекшілік ететін учаскелердегі ауыл және қала әкімдерінің рейтингтік бағасына мониторинг жүргізу. Бөлім мәселелері бойынша жеке тұлғалардың өтініштерін өңдеу. Аудан әкіміне есептерді дайындау.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 12.02.2025 - 18.02.2025
Белсенді сілтеме https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4161754690 Барлық сұрақтар бойынша кадр қызметі бөліміне хабарласыңыз: 87786310587