Бос орын: 'Абай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі' ММнің бас маман – бухгалтер

Орташа жалақы 210087 тг.

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес санат

E-R-4

Жалпы біліктілік талаптары

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Жұмыс өтілі талап етілмейді.

Мамандық бойынша талап

  • Құқық және экономика негіздері (код=5В011500, түрі=Педагогикалық ғылымдар)
  • Менеджмент (код=5В050700, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Статистика (код=5В051200, түрі=Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика)
  • Маркетинг (код=5В051100, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Әлемдік экономика (код=5В051300, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Математика (код=B, түрі=Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика)
  • Мемлекеттік аудит (код=5В052100, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Экономика (код=5В050600, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Қаржы (код=5В050900, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Есеп және аудит (код=5В050800, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару (код=5В051000, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

Функционалдық бағыты

  • Экономика, қаржы және бюджеттік жоспарлау

 

Функционалдық міндеттері

1С бағдарламасында мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік есеп. Шарттарды тіркеу және олар бойынша міндеттемелерді "Қазынашылық-Клиент"жүйесінде орындау. ЭШФ АЖ ақпараттық жүйесінен көрсетілген қызметтер, жұмыстар және жеткізілген тауарлар үшін электрондық шот-фактураларды алу. Жылдық жоспарларды орналастыру және оларға жүйеде ай сайынғы өзгерістер енгізу. Жеткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін шоттарды төлеу, "Қазынашылық-Клиент"жүйесі арқылы жалақы төлеу. Мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы туралы жедел ақпарат беру. Белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілікті жасау (қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы баланс, айлық, тоқсандық есептер). "Салық төлеушінің кабинеті" порталында 200 және 870 нысандарының тоқсан сайынғы есептілігін ұсыну. Тоқсан сайынғы және жылдық статистикалық есептілікті ұсыну. Коммуналдық мүлікті түгендеу. Мемлекеттік мекемелердің балансынан негізгі құралдарды есептен шығаруды келісу. Коммуналдық мүлікті баланстан балансқа беру. Функционалдық міндеттерін атқаруға қатысты мәселелер бойынша ақпарат, анықтамалар, есептер дайындау. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз лауазымдық міндеттері шегінде уақтылы қарау. ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 31.01.2025 - 06.02.2025

Белсенді сілтеме https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4147696093  Барлық сұрақтар бойынша кадр қызметі бөліміне хабарласыңыз: 87786310587

Дата публикации
30 января 2025