Абай ауданы әкімі аппаратының бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

Абай ауданы әкімінің аппараты "Б" корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:

  • Мемлекеттік қызметтер
  • Құқық
  • Мұрағат ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету

Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталда тіркелуі және akimat_otdelkadrov24@mail.ru  электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі:

2025 жылғы 31 қаңтардан 06 ақпан аралығында.

Дата публикации
30 января 2025