Бос орын: "Абай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Орташа жалақы 210087 тг.

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес санат

E-R-4

Жалпы біліктілік талаптары

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді. Екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандық бойынша талап

  • Тарих (код=5В020300, түрі=Педагогикалық ғылымдар)
  • Журналистика (код=5В050400, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)
  • Саясаттану (код=5В050200, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)
  • Құқықтану (код=5В030100, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Филология (код=В037, түрі=Өнер және гуманитарлық ғылымдар)
  • Қазақ тілі мен әдебиеті (код=5В011700, түрі=Педагогикалық ғылымдар)
  • Әлеуметтану (код=В038, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)
  • Қоғамдық байланыс (код=5В051400, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету (код=5В051500, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару (код=5В051000, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
  • Халықаралық қатынастар (код=5В020200, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)

Функционалдық бағыты

  • Мемлекеттік қызметтер
  • Құқық
  • Мұрағат ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету

 

Функционалдық міндеттері

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу және тіркеу. Бөлімшелерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуын қадағалау. Жоғары тұрған органдарға, кәсіпорындарға, ұйымдарға және хат авторларына түскен өтініштерге жауаптарды жинақтау, тіркеу және тарату. Аудан әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру, көтерілген мәселелер бойынша хаттар мен өтініштер дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша есептерді жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және электрондық құжат айналымына тіркеу, сондай-ақ олар бойынша электрондық мұрағатта жұмыс жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша құжаттарды мемлекеттік сақтауға дайындау, ресімдеу және мұрағатқа тапсыру. Бақылау күні жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бақылаудың барысы туралы материалдар ұсыну. «Электрондық құжат айналымы» ААЖ деректер қорын, «Е-Отиниш» АЖ жүргізу. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Абай ауданы бойынша «Нәтиже» нысаны есебін құру және ұсыну. Ақпаратты қорғаудың техникалық құжаттамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау (2016 жылғы 20 желтоқсандағы PPRK 832) (Ақпараттық қауіпсіздік саясаты және т.б.). Шектеулі таратылатын құжаттардың есебін жүргізу және онымен жұмыс істеу. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 31.01.2025 - 06.02.2025

Белсенді сілтеме https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4146424049  Барлық сұрақтар бойынша кадр қызметі бөліміне хабарласыңыз: 87786310587

Дата публикации
30 января 2025