ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 17 қараша Абай ауданы Құлаайғыр сайлау округі бойынша әкімінің сайлауы өтті.
Абай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданының Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижиесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Құлаайғыр сайлау округі
Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 956 азамат енгізілді, оның 685-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 23.
Әрбір кандидаттар үшін берілген дауыстар саны:
Абишев А.Т – 556; Алексеев В.В – 39; Раймагамбетова К.А – 52.
Құлаайғыр ауылдық округінің әкімі болып Абишев Асет Толегенович сайланды, 1979 жылы туған, Құлаайғыр ауылдық округі әкімі, Құлаайғыр ауылдық округінде тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Абай аудандық сайлау комиссиясы