Бос орын "Абай ауданы Абай қаласы әкімі аппараты" ММ бойынша бас маманы

Орташа жалақы 210087 тг.

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес санат

E-G-3

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мамандық бойынша талап

  • Әлеуметтік жұмыс (код=В090, түрі=Қызметтер)
  • Құқық (код=В049, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

 

Функционалдық бағыты

  • Құқық
  • Еңбек қатынастары және әлеуметтік қамсыздандыру
  • Ішкі саясат

 

Функционалдық міндеттері

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, ЖИТС – ке, ЖЖБИ-ге қарсы күрес; туберкулезге қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобының жұмысын жүргізу, сайланбалы компанияларды өткізуге қатысу. Мемлекеттік Жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен әлеуметтік мәселелер бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау, гендерлік және отбасылық демографиялық саясат бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асыру. Мемлекеттік ішкі саясатты, Қазақстан Республикасының Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері жөніндегі заңнамасын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру. Аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру. Ауылда спорттық іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру, әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды қамтамасыз ету және олардың спорттық жарыстарда өнер көрсетуі. Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж мүгедек балалар мен мүгедектерді анықтау және есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мүгедек балалар мен мүгедектерді есепке алудың электрондық базасын жүргізу. Мүмкіндігі шектеулі балаларға және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызметтер көрсету, сондай–ақ жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету. Азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Азаматтарға әлеуметтік көмекпен жұмыс жүргізу. Халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 24.10.2024 - 31.10.2024

Белсенді сілтеме https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3989278192

Барлық сұрақтар бойынша кадр қызметі бөліміне хабарласыңыз: 87024717347

 

Дата публикации
23 октября 2024