Абай аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Абай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Абай аудандық сайлау комиссияның 2024 жылғы 9 қазандағы №21 шешімімен Құлаайғыр ауылдық округінің әкімін сайлау 2024 жылдың 17 қарашасына тағайындалғанын хабарлайды.
- Әкім болуға кандидаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылдың 10 қазанынан басталып, 2024 жылғы 22 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады;
-Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша 2024 жылдың 27 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
-Үгіт мерзімі: 2024 жылдың 27 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 16 қарашасында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Абай қаласы, Абай көшесі, 23А, 10 кабинет. Тел: 87213140873
Абай аудандық сайлау комиссиясы