Бос жұмыс орны:"Абай ауданы Топар кенті әкімінің аппараты" ММ әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Орташа жалақы 210087 тг.

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес санат

E-G-3

Жалпы біліктілік талаптары

 


Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, не техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім. Жұмыс тәжірибесі қажет емес.

 


Мамандық бойынша талап

Құқық (код=В049, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

Бизнес және басқару (код=6b041, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

Гуманитарлық ғылымдар

Әлеуметтік ғылымдар (код=6b031, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)

Журналистика және ақпарат (код=6b032, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)

 


Функционалдық бағыт:

Құқық
Ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы

Функционалдық міндеттері:

Ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын әзірлеу және іске асыру. Аудандық және кенттік спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру. Кентте спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыру, әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды қамтамасыз ету және олардың спорттық жарыстарда өнер көрсетуі. Бірыңғай тіл саясатын үйлестіру және жүргізу, оны іске асырудың пәрменді тетігін әзірлеу, ономастикалық жұмысты ұйымдастыру, тілдік жағдайға талдау жүргізу. Әдістемелік басшылық мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп алдындағы сыныптардың қызметін бақылау. Өз қызмет саласы бойынша ақпарат, анықтамалар, хаттар дайындау. Кент әкімі аппараты жанындағы комиссиялар мен кеңестердің жұмысына қатысу. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету. Сайлау науқандарын дайындауға, кентті санитарлық тазарту жөніндегі іс-шараларға қатысу. Кент әкімінің өзге де ауызша және жазбаша тапсырмаларын орындау. Наградалар беру бойынша жұмысты ұйымдастыру. ҚР Мемлекеттік рәміздері бойынша жұмысты ұйымдастыру. Дін мәселелері бойынша іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру және кент аумағында діни ахуалға мониторинг жүргізу. Ішкі саясат мәселелері бойынша БАҚ-пен, ұйымдармен және мекемелермен жұмысты ұйымдастыру. Ресми интернет сайттарда жарияланымды (әкім аппаратының қызметі туралы, кенттің өмірі туралы ақпарат, хабарландырулар және т.б.) қамтамасыз ету. Есеп бере отырып, кенттегі қоғамдық – саяси ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 27.09.2024-03.10.2024

 Белсенді сілтеме жалпы https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3937340859

Барлық сұрақтар бойынша кадр қызметі бөліміне хабарласыңыз: 87024717347

Дата публикации
30 сентября 2024