Қарағанды облысының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу қорытындылары туралы ақпарат
Абай ауданының Юбилейное ауылы.
Сайлаушылардың келуі 80,8% немесе 640 сайлаушыны құрады (барлығы 792 сайлаушы).
Сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидат енгізілді, оның ішінде
1 – "Amanat" партиясынан, 2-өзін-өзі ұсыну.
Сайлауға 1 бақылаушы, 3 кандидаттарың сенімді тұлға қатысты.
Сайлау бұзушылықсыз, талаптар мен санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен өтініштер түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілмеді.
Байтұрсынов Еркн Хасенұлына, "Amanat" партиясынан, дауыс беру қорытындысы бойынша 535 сайлаушы (86,99%), Садикова Айнагүл Рамазанқызы, өзін - өзі ұсынған - 39 сайлаушы (6,34%), Ахметова Анар Жеңісқызы, өзін-өзі ұсынған-41 сайлаушы (6,66%), "бәріне қарсы" 10 адам дауыс берді, 15 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Сайлау қорытындысы бойынша Юбилейное ауылының әкімі болып Байтұрсынов Еркн Хасенұлы (Абай ауданының Юбилейное ауылының әкімі) "Amanat" партиясынан сайланды, ол 535 дауыс жинады (86,99%).