Абай ауданының Юбилейное ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2024 жылғы 14 шілдеде Абай ауданының аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Абай ауданының Юбилейное ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» шешім қабылданды.

Сайлау комиссиясының төрағасы Н.С. Кенжебаев Абай ауданы Юбилейное ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.

Ол 2024 жылғы 14 шілдедегі сағат 18-дегі жағдай бойынша ауданның сайлау комиссиясы Абай ауданы Юбилейное ауылы әкіміне ұсынылған 3 кандидаттан 3 адамды тіркегенін хабарлады.

Тіркелген кандидаттардың қатарында 1 (33%) ер адам және 2 (67 %) әйел.

Мамандықтары бойынша: 2-оқытушылар, 1-агроном.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде 3 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 1 жұмыс істеп тұрған әкім.

14 шілде сағат 18-ден бастап Абай ауданы Юбилейное ауылы әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың ағымдағы жылғы 3 тамыз сағат 00.00-ге дейін созылатын сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар.

Дата публикации
15 июля 2024