2024 жылғы 9 шілдеде Абай аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Абай ауданының Юбилейное ауылы әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» шешім қабылданды.
Абай ауданының Юбилейное ауылы әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.С. Кенжебаев сөз сөйледі.
Ол 2024 жылғы 27 маусымнан 9 шілде аралығында әкімге 3 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін – өзі ұсыну тәртібімен - 2. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 1 - і ерлер, 2 - і әйелдер.
Кандидаттардың орташа жасы - 53 жас. Ең жас үміткер 46 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 57 жас.
Мамандықтары бойынша: 2 - оқытушылар, 1 – агрономия.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 3 - мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде жұмыс істеп тұрған әкім.
Юбилейное ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 14 шілдеге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.
АБАЙ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ