2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Абай ауданы Юбилейное ауылы әкімінің сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар Күнтізбелік жоспар

2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Абай ауданы Юбилейное ауылы әкімінің сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар
Күнтізбелік жоспар

 

1. Юбилейное ауылы әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауды тағайындау

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 26 маусым (113-1-баптың 2,3-тармақтары)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округінің тізімін шекарасы мен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып жариялау. Сайтта шешім қабылданған күні орналастырылады. (113-1-баптың 4-тармағы)

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2024 жылғы 6 шілдеден кешіктірмей (22-бап)

3. Абай аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2024 жылғы 6 шілдеден кешіктірмей (13-баптың 4-тармағы)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссиясының құрамын жариялау

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2024 жылғы 11 шілдеден кешіктірмей (17-баптың 2-тармағы)

5. Сайлау учаскесінің шекара туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Абай ауданының әкімі. Сайлау тағайындалғаннан кейінгі он бес күндік мерзімде - 2024 жылғы 11 шілдеден кешіктірмей (23-баптың 5-тармағы)

6. Әкімге кандидаттарды ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

2024 жылғы 27 маусымда басталып, 2024 жылғы 9 шілде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-баптың 5-тармағы)

7. Әкімге кандидаттың оларға Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы (4-б., 4-т., 113-2-б.)

8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Әкімге кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б., 2-1-т., 31-б.)

9. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен қолдау үшін қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде. (113-4 бап)

10. Әкімге кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы паспорттық қызмет қызметкерлерін тарта отырып

Тиісті сайлау комиссияларына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде. (113-4-баптың 7-тармағы)

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2024 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

Әкімдікке кандидат тіркелгенге дейін, саяси партиялар (ұсынылған әрбір кандидат үшін) (113-5-баптың 2-тармағы)

12. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2024 жылғы 1 маусымға) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-баптың 3-тармағы)

13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-баптың 4-тармағы)

14. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2024 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (п14, 113-5-бап)

15. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны жариялау.

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі бесінші күннен кешіктірмей (113-5-баптың 9-тармағы)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және Абай аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін (28-баптың 6-тармағы)

17. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылғы 3 тамызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-баптың 2-тармағы)

 18. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін Үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Абай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-баптың 4-тармағы)

19. Акт бойынша сайлау комиссиясына сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін ұсыну

 

Абай ауданының әкімі. Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын 2024 жылғы 14 шілдеге дейін (24-баптың 5-тармағы)

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2024 жылғы 19 шілдеден бастап дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

(26-баптың 1-тармағы)

21. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 2024 жылғы 25 шілдеге дейін (18-баптың 5-тармағы, 38-баптың 2-тармағы)

22. Сайлау бюллетеньдерін дайындау. Учаскелік сайлау комиссиясына дауыс беру үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу.

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірмей

2024 жылғы 1 тамызынан ерте емес және 3 тамыздан кешіктірмей (37-баптың 3-тармағы)

23. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы. Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын 2024 жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (40-баптың 1-тармағы)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38-баптың 1-тармағы)

25. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады(18-баптың 8-тармағы, 43-бап)

26. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-баптың 8-тармағы)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-баптың 1-тармағы)

28. Әкімді сайлау қорытындыларын белгілеу

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 7 тамыздан кешіктірмей (113-10-баптың 1-тармағы)

29. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны жариялау

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 10 тамыздан кешіктірмей (44-бап)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру.

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесіне сәйкес келмейтін міндеттерді сыйыспайтыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

2024 жылғы 10 тамыздан кешіктірмей (45-бап, 46-баптың 3-тармағы, 113-11-баптың 1-тармағы)

 

Ескерту: күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
26 июня 2024