Әсер ету скринингін қарау туралы

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

- Қарағанда облысы, Абай ауданы, Абай қаласының ЕТЖЖ біріктірілген бас жоспарына түзетулер енгізу құжатының әсер ету скринингі бойынша есеп.

 

Бас жобалаушы: «Проектно-исследовательский институт «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Жалелова Н.О.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

 

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

 

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2040 жыл.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2024 жылғы 10 маусым бастап 24 маусымға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылдың 24 маусымы).

 

Байланыс деректері:

 

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі -  Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz   

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

- «WhatsApp» номері: 8 701-847-2853 

 

СЭБ бойынша  материалдар:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Тапсырыс берушінің сайтында.

Дата публикации
24 июня 2024