Осы бос орынға жауап берген адамдардың саны: 1
Өтініш беру күні аяқталды
Лауазымдар тізіліміне сәйкес санат
E-G-3
Жалпы біліктілік талаптары
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
Білімге қойылатын талаптар
- Орта кәсіби білім
- Жоғары білім
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Орта білімнен кейінгі білім
- Кәсіби білім
Мамандық бойынша талап
- Тарих (код=5В020300, түрі=Педагогикалық ғылымдар)
- Философия (код=5В020100, түрі=Өнер және гуманитарлық ғылымдар)
- Құқықтану (код=5В030100, түрі=Бизнес, басқару және құқық)
- Дінтану (код=5В020600, түрі=Өнер және гуманитарлық ғылымдар)
- Қоғамдық байланыс (код=5В051400, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)
- Қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі (код=5В073100, түрі=Қызметтер)
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (код=5В090100, түрі=Қызметтер)
- Әлеуметтік жұмыс (код=В090, түрі=Қызметтер)
- Көлік, көлік техникасы және технологиялары (код=5В071300, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
- Электр энергетикасы (код=5В071800, түрі=Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)
- Көлік қызметтері (код=В095, түрі=Қызметтер)
- Журналистика және ақпарат (код=6B032, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)
Функционалдық бағыты
- Құқық
- Ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы
- Автожол саласы
Функционалдық міндеттері
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, ЖИТС – ке, ЖЖБИ-ге қарсы күрес; туберкулезге қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобының жұмысын жүргізу. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның және женшин істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын жүргізу. Округ аумағында тұратын кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде Абай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар комиссияларының отырыстарына және олардың құқықтарын қорғауға, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының отырыстарына қатысу. Сайлау компанияларын өткізуге және ұйымдастыруға қатысу.Мемлекеттік Жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен әлеуметтік мәселелер бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Мемлекеттік ішкі саясатты, Қазақстан Республикасының Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері жөніндегі заңнамасын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру. Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж мүгедек балалар мен мүгедектерді анықтау және есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мүгедек балалар мен мүгедектерді есепке алудың электрондық базасын жүргізу. Мүмкіндігі шектеулі балаларға және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызметтер көрсету, сондай–ақ жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету. БАҚ-пен өзара іс-қимыл. Жергілікті атқарушы органның қызметін БАҚ-та жариялау.Әдістемелік басшылық мектепалды даярлық сыныптарының мектепке дейінгі ұйымдарының қызметін бақылау. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету. ДДУ тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестіктерінің қызметін үйлестіру. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне жаңа әдістемелерді енгізу. Мектепке дейінгі жастағы балалармен конкурстар, байқаулар, фестивальдар, слеттер ұйымдастыру және өткізу. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға МАБ, БП тағайындау үшін құжаттарды қабылдау. Бірыңғай тіл саясатын үйлестіру және жүргізу, оны іске асырудың пәрменді тетігін әзірлеу, ономастикалық жұмысты ұйымдастыру, тілдік жағдайға талдау жүргізу. Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға және мәжбүрлі еңбекке тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Құжатшыдағы жұмыс. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою. Функционалдық міндеттерін атқаруға қатысты мәселелер бойынша ақпараттар, анықтамалар, есептер дайындау.Функционалдық міндеттеріне сәйкес Бақылау күнін өткізу үшін жоспарлар мен материалдарды дайындау. Ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығының жұмысын ұйымдастыру. Округ әкімінің нормативтік құқықтық актілері мен өкімдерін әзірлеу.\ Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу. Ауылдық округ әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімі өткізетін аппараттық кеңестер мен жиындарды ұйымдастыру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізу. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттарын (кешенді жоспарды, дамудың перспективалық бағдарламаларын, бюджеттік өтінімдерді, бағдарламаларды және жоспарлау құжаттарының басқа да түрлерін) әзірлеу, бекіту және мониторингілеу. Құжаттарды дайындау, ресімдеу және мемлекеттік сақтауға мұрағатқа тапсыру.Округтегі электрмен,сумен,жылумен жабдықтау қызметтерінің және коммуналдық саладағы басқа да баламалы қызметтердің жұмысын үйлестіру. Ауыл аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу. Әскерге шақыру компаниясы бойынша жұмыс (әскерге шақыру компаниясы кезеңінде әскерге шақырылушылардың келуін қамтамасыз ету) тиісті органға есептілік беру. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттарын (ауылдық округтің, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын, ұзақ мерзімді, перспективалық даму бағдарламаларын және басқа құжаттарды) әзірлеу, бекіту және мониторингілеу.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3531068551
По всем вопросам обращаться в отдел кадровой службы 8(72131)43582, сот. 87029768460