Бос орын:"Абай қаласы әкімінің аппараты" ММ бас маман – бухгалтері

Орташа жалақы 210086 тг.
Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес санат
E-G-3
Жалпы біліктілік талаптары

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, не техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мамандық бойынша талап
Бизнес және басқару (код=6b041, түрі=Экономика және бизнес)
Функционалдық бағыт
Экономика, қаржы және бюджеттік жоспарлау
Функционалдық міндеттері
Кент әкімі аппаратында, техникалық персоналда бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз ету және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының ұтымды пайдаланылуын, меншіктің сақталуын бақылау. Кент әкімінің аппараты бойынша жалпы қаржылық жағдайы туралы жедел ақпарат беру. Бухгалтерлік есептілікті белгіленген мерзімде жасау (шығыстар сметасын орындау балансы, айлық, тоқсандық есептер, кредиторлық берешек есептері). Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтау.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 11.04.2024 - 18.04.2024

Жалпы байқауға белсенді сілтеме https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3491725089. барлық сұрақтар бойынша кадр қызметі бөліміне хабарласыңыз 8 (72131) 43582, ұялы. 87029768460

Дата публикации
11 апреля 2024