Жылу энергиясын өндірудің реттеліп көрсетілетін қызметіне 2024-2028 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге «Топар бас тарату энергостанциясы» ЖШС өтінімі бойынша Жария тыңдаулар өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті жылу энергиясын өндіру реттеліп көрсетілетін қызметіне 2024-2028 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге «Топар бас тарату энергостанциясы» ЖШС -нің түскен өтінімі бойынша жария тындаулар өткізеді.
Жария тындау 2024 жылы 11 наурыздағы сағат 14.00 -де Қарағанды облысы, Топар кенті, Қазыбек Би көшесі 5, («Энергетик» МҮ ғимараты) мекенжайында өтеді.
Сонымен қатар, қоғамдық тыңдау Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн режимде қатар таратылатын болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100086031623395&mibextid=dGKdO6).
Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
Жария тыңдауларға қатысушылар тарифтің және тарифтік сметаның жобасы туралы, сондай-ақ экономикалық негізделген есептеулермен тарифтің өзгеру себептері туралы ақпаратты бекітуге «Топар бас тарату энергостанциясы» ЖШС табиғи монополия субъектісінен сұрауға құқылы.
Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7102) 76-02-47.
«Топар бас тарату энергостанциясы» ЖШС байланыс телефоны: тел.: 8 (72153) 3 18 68

Дата публикации
06 марта 2024