Әкімге кандидаттардың назарына

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары шарттық негізде тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға баспа алаңын ұсынады

Қарағанды облысы Абай ауданының "Абай ақиқат" аудандық газеті " жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудандық "Абай ақиқат" газетінде ішкі жолақтардағы (түрлі-түсті жолақтардан басқа) баспа алаңының 1 шаршы см құны ҚҚС есептемегенде 250 теңгені құрайтынын хабарлайды.


Газет алаңын беру әкімге кандидатқа баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы газетпен жасалған жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады.
Үгіттік баспа материалдары газет редакциясына модульдер немесе мақалалар түрінде дайын баспа түрінде (әр парақта кандидаттың немесе оның сенім білдірілген адамының қолымен) және газет шыққан күнге дейін 1 жұмыс күні бұрын электрондық жеткізгіште ұсынылады.
Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін газет редакциясы жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгілейді. Бір мезгілде бірнеше кандидаттар мен саяси партиялардан өтініш келіп түскен жағдайда, сол күні газет редакциясы жеребе тартатын болады. Жеребеге кандидаттан уәкілдер және баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне дау айтатын саяси партиялардың өкілдері және даудың тәуелсіз тарапы ретінде БАҚ өкілі қатысады.
Газет беттерінде үгіттік баспа материалдары шыққаннан кейін газет редакциясы есепшот берілген күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде түсу тәртібіне байланысты 100 пайыз төлем жүргізеді.
Естеріңізге сала кетейік, ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдеріне кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті бар материалдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
Мазмұны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.

"Абай ақиқат" аудандық газеті " ЖШС
Қарағанды облысы Абай ауданының

Дата публикации
26 января 2024