Абай ауданы Қарабас кенті мен Құрма ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2024 жылғы 23 қаңтарда Абай аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Абай ауданының Қарабас кенті мен Құрма ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» шешім қабылданды.

Абай ауданының Қарабас кенті мен Құрма ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.С. Кенжебаев сөз сөйледі.

Ол 2024 жылғы 11-23 қаңтар аралығында әкімге 8 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 2, өзін – өзі ұсыну тәртібімен - 6. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 4 - і ерлер, 4 - і әйелдер.

Кандидаттардың орташа жасы - 47 жас. Ең жас үміткер 38 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 63 жас.

Мамандықтары бойынша: 4 - заңгерлер, 1 - оқытушылар, 3 – басқалары.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 2 - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 3 - мемлекеттік қызметшілер, 3 – коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері.

Қазіргі уақытта Қарабас кенті мен Құрма ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 28 қаңтарына дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.

АБАЙ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
23 января 2024