Абай ауданының қала, ауылдық округ және кент әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2023 жылғы 09 шілдеде Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2023 жылғы 30 шілдеге тағайындалған Абай ауданының Абай қаласының, Көксу ауылдық округі және Южный кенті әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы» шешім қабылданды.

Абай ауданының қала, ауылдық округ және кент әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы сайлау комиссиясының төрайымы Н.В.Сергеева баяндама жасады.

Ол 2023 жылғы 09 шілде сағат 18:00 -дегі жағдай бойынша аудандық сайлау комиссиясы қала, ауылдық округ және кент  әкімдеріне ұсынылған 9 кандидаттың 9-ы тіркегенін хабарлады. Тіркелген кандидаттар қатарында 2 (30%) ер адам және 7 (70 %) әйел адам.

Мамандықтар бойынша: 1– экономист, 2 – заңгер, 3- мұғалім, 3-басқалары.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 2 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері; 7 мемлекеттік қызметші.

09 шілде сағат 18.00-ден бастап Абай ауданының қала, ауылдық округ және кент әкімдеріне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 29 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.   

             Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес.

Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

 

Дата публикации
09 июля 2023