2023 жылғы 04 шілдеде аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Абай ауданының Абай қаласы, Көксу ауылдық округі және Южный кенті әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Абай ауданының әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы, Абай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.В.Сергеева баяндама жасады.
Ол 2023 жылғы 22 маусым мен 04 шілде аралығында әкімдікке 9 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 3, өзін - өзі ұсыну тәртібімен - 6. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 2 ер адам және 7 әйел адам бар.
Үміткерлердің орташа жасы 45 жасты құрайды. Ең жас үміткер 31 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас-56 жаста.
Мамандықтар бойынша: 1 – экономист, 2 – заңгер, 3 – оқытушы, 3-басқа.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 2 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері; 7 мемлекеттік қызметші. Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылғы 09 шілдеге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.