2023 ж 01 шілдеде Абай аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес әкімдікке кандидаттардың құжаттары ұсынылды:
өзін-өзі ұсыну тәртібімен:
Южный кенті – 1 үміткер;
Көксу ауылдық округі –2 үміткер.
"AMANAT" партиядан:
Южный кенті – 1 үміткер;
Көксу ауылдық округі –1 үміткер.
Абай қаласы - 1 үміткер.
Абай аудандық сайлау комиссиясы кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, Мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.
2023 жылғы 30 шілдеге тағайындалған Абай ауданының қала, ауылдық округ және кент әкімдерін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 22 маусым мен 4 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.