2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша әкімге кандидаттарды ұсыну туралы

  2023 ж 30 маусымда  Абай аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкімдікке кандидаттардың құжаттары ұсынылды:

          Абай қаласына – 2 үміткер

          Южный кентіне – 1 үміткер

          Абай аудандық сайлау комиссиясы кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, Мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.

          2023 жылғы 30 шілдеге тағайындалған Абай ауданының қала, ауылдық округ және кент әкімдерін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 22 маусым мен 4 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

Дата публикации
30 июня 2023