2023 жылғы 09 ақпанда аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "№ 14 сайлау округі бойынша Қарағанды облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы"шешім қабылданды.
Кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Абай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н. В. Сергеева баяндама жасады.
Ол 2023 жылдың 20 қаңтары мен 08 ақпаны аралығында барлығы 4 үміткер ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 2, өзін - өзі ұсыну тәртібімен-2. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 2 ер адам, 2 әйел.
Үміткерлердің орташа жасы-51. Ең жас үміткер 48 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 59 жаста.
Мамандықтары бойынша: 1-педагог, 1-психолог, 2-инженерлер.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: коммерциялық құрылымдардың 2 қызметкері; мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 1 қызметкері; 0 мемлекеттік қызметші, 1 қоғамдық ұйымдардың өкілі, 0 жұмыс істемейтін, 0 - басқалар.
Қазіргі уақытта аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 18 ақпанына дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.