Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2006 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы

Абай ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №03 шешімі

 

Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2006 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2006 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу және оларды әскери есепке алу мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

  1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2006 жылы туған ер азаматтарды тіркеу 2023 жылдың 01 сәуіріне дейін ұйымдастырылсын.
  2. Абай ауданының қала, кент, ауылдық округтар және ауыл әкімдері 2006 жылы туған жасөспірімдердің Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
04 января 2023