Абай аудындық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

Абай аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 77 қаулысы

Абай аудындық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Абай аудындық  сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай ауданының әкімшілік аумақтық шекараларында пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау округі құрылсын.
  2. Абай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын
  3. Қаулы Абай аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  4. Осы қаулы БАҚ өкілдерінде орналастырылсын.
  5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Абай аудандық сайлау

 комиссиясының төрағасы                                     Сергеева Н.

 

Абай аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                      Босаева  А.

Дата публикации
30 декабря 2022