Мемлекеттік қызметші ‑ мемлекеттің бір өкілі. Сондықтан өз ісіңе, сөйлеген сөзіңе, жүріс-тұрысыңа жауап бере алатындай болуы керек. Мемлекеттік қызметшіні көріп тұрып қаншалықты тәртіпті, тәрбиелі екеніңді халық сезінуі керек. Сондықтан мемлекеттік қызметте болсын, одан тыс уақытта да мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын сақтай отырып, қызмет атқару қажет.
Елеміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отан сүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қыметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты екені айдан анық.
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Қазіргідей күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер екендігін ескерсек, бұл тұрғыда мемлекеттік қызметшілер басқаларға өзінің ісімен, білім-білігімен, тәжірибесімен ғана емес, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлығымен, отан сүйгіштігімен, қызметте қажыр-қайратымен және кез-келген ортада үлгі болуы керек.
Ең негізгісі, мемлекеттік қызметшілер халықтың сенімін ақтап, Отанға қызмет етуі керек. Сонда ғана біз дамыған отыз елдің қатарына енеміз. Мемлекеттік қызметкерлердің көтеретін жүгі ауыр. Соған қарамастан олар күндіз-түні елге адал қызмет етіп келеді. Мемлекеттік қызметші болу зор жауапкершілікті, абыройлы міндетті жүктейтіні сырт қараған адамға байқала бермейтіні рас. Оған лайық болуың үшін сенің бойыңда кәсіби біліктілігіңнен бөлек адами құндылығың да жоғары болуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс.
Сөз соңында Әлихан Бөкейханның мына сөзімен түйіндегім келеді «Елге қызмет ету - мінезден» демекші, әр мемлекеттік қызметші еліне, жұртына адал қызмет етсе Қазақстанның болашағы зор болмақ.
Абай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Руслан Тасырбаев.