ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 16 қазанда Көксу сайлау округі бойынша Абай ауданының Көксу ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.
Абай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданының Көксу ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Көксу сайлау округі
Көксу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1189 азамат енгізілді, олардың 752-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 13.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бегманов К.Х. – 11; Салауатов Б.С. – 125; Таран А.Т. – 720
Көксу ауылдық округінің әкімі болып Таран Азамат Таранұлы сайланды, 1970 жылы туған, «Дубовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі бас маман, Қарағанды қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Абай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 18 қазан № 76 шешімімен 2022 жылғы 16 қазанда сайланған Абай ауданының Көксу ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Абай аудандық сайлау комиссиясы